01
қыркүйек
2025
40 жылдан соң Водный кентінде жаңа мектеп ашылды
https://www.instagram.com/p/DODRkQoiMic/
Жаңа оқу жылында Семей қаласының Водный кентіндегі балалар еңселі де заманауи ғимаратта білім алады. Бұл – Семей қаласындағы екінші, ал Абай облысы бойынша үшінші «Келешек мектебі».
Үш қабатты 600 орындық жаңа мектеп – Водный кенті тұрғындарының көптен күткен қуанышы.
Мектептің ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтады.
Мектепте 28 оқу кабинеті, физика, химия, биология, робототехника, графика және модельдеу бөлмелері, ағаш және металл өңдеу, тігін және кулинария шеберханалары бар. Сонымен қатар акт залы, асхана, 7 зертхана, кітапхана, оқу залы мен коворкинг аймақтары қарастырылған. Аулада футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, жүгіру жолақтары мен спорт залы бар.
Мектеп бір ауысымда, мемлекеттік тілде білім береді. 1–11 сынып аралығында 22 сынып-комплект және 1 мектепалды даярлық сынып ашылады.
#AbaiAqparat