📚 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
07
тамыз
2026

📚 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

⚜️ Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
⚜️ Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен және қажетті оқу құралдарымен қарсы алуына жағдай жасау.

Іс-шара барысында оқушыларға сыртқы киімдер, спорттық формалар, аяқ киім, мектепке қажетті оқу құралдары, кеңсе тауарлары және басқа да қажетті жабдықтар табысталды. Бұл игі бастама балалардың сапалы білім алуына қолдау көрсетіп қана қоймай, оларға қамқорлық пен жанашырлықтың үлгісін танытты.

Бас демеушіміз - “HH FOOD” KAZAHSTAN кәсіпорны
Осындай қайырымды іске атсалысып, демеушілік көрсеткен жомарт жандарға, ата-аналарға және қолдау білдірген барша азаматтарға мектебіміздің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында көптеген оқушы жаңа оқу жылына сеніммен қадам басуға мүмкіндік алды.

⚜️Атаулы шараға “Семей қаласы білім бөлімі” ММ маманы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, демеушілерге алғысын білдірді.

Балалардың жарқын болашағы – баршамыздың ортақ мақсатымыз

​https://www.instagram.com/reel/Dbv2dYaO79m/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив