22
қазан
2025
Ата-аналар жиналысы
Кешкі сағат 17.00 мектепішілік ата-аналар жиналысы жоспарланып өтті. Жиналысқа 83 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздік және тамақтану мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар бойынша нұсқаулықтар беріліп, ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, әр сыныптан 1 ата-ана шағымдар мен сұрақтарды жинақтап, отырыс жасап мектеп әкімділігіне баяндап отыру ұсынылды. «Аналар кеңесін» құру туралы пікірлер тыңдалды. Ата-аналар тарапынан болған сұрақтарға мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жауап берді.
Ата-аналардан асханадан тамақтануды жақсарту мақсатында түрлі ұсыныстар түсті. Ұсыныстар ескеріліп, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасау тетіктері қарастырылды.