⚜️ Әкелер қауымы мектеп ауласын қар құрсауынан тазартты. » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️ Әкелер қауымы мектеп ауласын қар құрсауынан тазартты.
09
қаңтар
2026

⚜️ Әкелер қауымы мектеп ауласын қар құрсауынан тазартты.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында бүгін мектебімізде игі іс атқарылды. 11 қаңтар - Дүниежүзілік қорықтар мен парктер күніне орай “Табиғаттың алтын қоры - адамзат аманаты” деп аталатын фестиваль жоспары бойынша мектеп әкімшілігі “ӨНЕГЕ” әкелер мектебін үлкен іске жұмылдырды. Жиналған 40-қа жуық әкелер мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Бала әкенің ісіне қарап өседі. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, еңбекқорлыққа баулу тәрбиесі әкенің көрсеткен өнегесі арқылы бала бойына сіңетіні ақиқат. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп іске кіріскен әкелердің ішінде №52 орта мектептің ер-азамат ұстаздары толық жүрді. Мектеп асханасында әкелерге арнап дастархан жайылды. Нәтижесінде ауламыз жарқырап, оқушылар үшін әрі қауіпсіз, әрі жайлы орта қалыптасты. Мектеп тазалығына бей-жай қарамаған барша ата-аналар мен әріптестерімізге алғыс айтамыз!

“НҰР ЖОЛЫ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мухамадиев М.Т. демеушілігімен қар күрейтін техниканың көмегі зор болды.

⚜️ “Әке — үнсіз батыр: ол өз махаббатын сөзбен емес, іспен дәлелдейді”
https://www.instagram.com/p/DTVFSMiitOr/
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив