Бүгін 10 «А» және 10 «Ә» сынып оқушыларымен бірге Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы кітапханасында өткен «Еуразиялық білім» көрмесіне қатыстық 📚 » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін 10 «А» және 10 «Ә» сынып оқушыларымен бірге Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы кітапханасында өткен «Еуразиялық білім» көрмесіне қатыстық 📚
08
сәуір
2026

Бүгін 10 «А» және 10 «Ә» сынып оқушыларымен бірге Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы кітапханасында өткен «Еуразиялық білім» көрмесіне қатыстық 📚

Көрме барысында көптеген шетелдік жоғары оқу орындары таныстырылып, оқушыларға шетелде білім алу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді 🌍
Атап айтқанда, университеттердің білім беру бағдарламалары, оқу жүйесі, гранттық мүмкіндіктері, қабылдау талаптары мен студенттік өмір туралы толық ақпарат берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей шетелдік оқу орындарының өкілдерінен жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл көрме оқушыларға тек ақпарат беріп қана қоймай, олардың болашаққа деген көзқарасын кеңейтіп, үлкен мотивация сыйлады ✨

Кітапханадағы іс-шарадан кейін оқушылар Семей медициналық университеті ғимаратында өткен «Білімді Келешек–ІІ» көрмесіне барды 🏫
Аталған көрмеде де көптеген отандық және шетелдік оқу орындары өз мүмкіндіктерін ұсынып, талапкерлерге кәсіби бағыт-бағдар берді.

Көрме барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, өздерінің болашақ кәсібін таңдауда маңызды ақпараттар алды. Сонымен қатар, білім беру саласындағы жаңа бағыттар мен заманауи талаптар туралы да мәліметтерге қанықты.

Іс-шара Женисова Д.Р. және Тулегенова Б.С. жетекшілігімен, сондай-ақ кәсіби бағдар беруші Мыразаханова С.Б. ұйымдастыруымен өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив