“Интернет және діни ағымдар: балаға қаупі бар ма?” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Интернет және діни ағымдар: балаға қаупі бар ма?” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
17
сәуір
2026

“Интернет және діни ағымдар: балаға қаупі бар ма?” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

Мақсаты:
Ата-аналарға интернет кеңістігіндегі діни ағымдардың ықпалы туралы ақпарат беру, олардың бала психологиясына және дүниетанымына тигізетін ықтимал қауіптерін түсіндіру. Балаларды зиянды ақпараттан қорғау жолдарын қарастырып, ата-ана мен мектептің бірлескен әрекетін нығайту.

Міндеттері:
• Интернеттегі діни ағымдардың түрлері мен ерекшеліктерін таныстыру
• Жасөспірімдердің психологиялық осалдығын түсіндіру
• Қауіпті белгілерді анықтауға көмектесу
• Баламен дұрыс қарым-қатынас орнату тәсілдерін ұсыну

Жиналыста «Психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы» аясында «Ата-ананың қолдауы – табысты дамудың факторы» тақырыбы да қозғалды

✨Мақсаты:
Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдаудың маңызын түсіндіру, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, баланың жан-жақты дамуына ата-ананың ықпалын арттыру.

✨Жиналыс барысында:
* Ата-ананың бала өміріндегі маңызды рөлі түсіндірілді.
* Отбасындағы қолдау мен өзара түсіністіктің маңызы айтылды.
* Бала жетістігіне әсер ететін негізгі факторлар талқыланды.
* Ата-аналар арасында өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.

Абай облысы білім басқармасының ӨПҚӘО әдіскері Разакова А.Т. “Маркер ме, әлде жасөспірімдік наразылық па” жаттығуы ұсынылып, диалогтік алаңда пікірталас орнады.

​https://www.instagram.com/reel/DXOtHFJCqPO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив