Келешек мектептері жобасы аясында салынған мектебімізде робототехника, информатика, жобалау және графика кабинеттері, химия, биология, физика, STEM лабораториялары » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Келешек мектептері жобасы аясында салынған мектебімізде робототехника, информатика, жобалау және графика кабинеттері, химия, биология, физика, STEM лабораториялары
18
қараша
2025

Келешек мектептері жобасы аясында салынған мектебімізде робототехника, информатика, жобалау және графика кабинеттері, химия, биология, физика, STEM лабораториялары

Бүгінгі оқушы – ертеңгі инженер, дәрігер, заңгер, мұғалім, ғалым. Қазіргі әлем күн сайын жылдам өзгеріп, технологиялар шапшаң дамып жатыр. Жасанды интеллект, робототехника, биотехнология, цифрлық жүйелер – бұлардың барлығы келешек мамандықтарының негізіне айналуда. Келешек мектептері жобасы аясында салынған мектебімізде робототехника, информатика, жобалау және графика кабинеттері, химия, биология, физика, STEM лабораториялары мен ұлдарға арналған темір және ағаш өңдеу шеберханасы, қыз балаларға арналған тамақтану мәдениеті, тігін шеберханалары қарастырылған. Осындай соңғы үлгідегі кабинеттермен жабдықталған мектеп оқушылары заман талабына сай білім мен тәрбие алып, бәсекеге қабілетті, табысты түлектер болып шығады деген сенімділік білдіремін.
Әр оқушы – елдің ертеңін қалыптастырушы тұлға. Егер біз технология тілін меңгерсек, онда Қазақстан әлемдік даму көшінің алдыңғы қатарында боламыз деп ойлаймын.
мектеп директоры: Т. Сапышев
https://www.instagram.com/p/DRNISdljAVH/?img_index=10
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив