14
ақпан
2026
📽️ Құқықтық сана – «Адал азамат» қағидатының негізі
🎯 Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін арттыру.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде мектебімізде 10 сынып оқушыларына арналған «Хулиганка» атты қысқаметражды деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Фильмде есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар, буллинг пен агрессияның салдары кеңінен көрсетіліп, «Заң және тәртіп» қағидатының маңызы түсіндірілді. Көрсетілім соңында мазмұнды талқылау өткізіліп, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық санасын нығайтуға және саналы, адал ұрпақ тәрбиелеуге бағытталды
https://www.instagram.com/p/DUuXOr4Chc6/?hl=ru&img_index=1