✨ Заң мен тәртіп туралы ашық әңгіме » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✨ Заң мен тәртіп туралы ашық әңгіме
28
қаңтар
2026

✨ Заң мен тәртіп туралы ашық әңгіме

Мектебімізде құқықтық тәрбие беру мақсатында “Заң және Тәртіп” айлығының жоспарына сай Водный, Восход кентіне жауапты учаскелік полиция қызметкері полиция майоры Оразбаев А.С. қатысуымен оқушылармен ашық әңгіме өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың заңға деген құрметін арттыру, құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіру болды.

Әңгіме барысында инспектор жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың салдары туралы нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының қоғамдық орындардағы тәртібі, киберқауіпсіздік, буллингтің алдын алу және жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Инспектор заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, саналы тәртіп пен жауапкершілік жарқын болашақтың кепілі екенін жеткізді.

Іс-шара оқушылар үшін пайдалы әрі тәрбиелік мәні жоғары болды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді.
​https://www.instagram.com/p/DUDBaLcjHgs/?hl=ru​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив