11
наурыз
2026
🔥 «Өрт қауіпсіздігі – басты назарда» сейсможаттығуы
https://www.instagram.com/p/DVvasQ-jO6e/?hl=ru
Мақсаты: Білім алушылар мен педагогтердің төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін меңгеруін жетілдіру, өрт жағдайында дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және ұжымның ұйымдасқан түрде эвакуация жасау қабілетін арттыру.
2026 жылдың 4 наурыз күні Абай облысы, Семей қаласында орналасқан №52 жалпы орта білім беретін мектебінде оқу-жаттығу жоспарына сәйкес «Өрт қауіпсіздігі кезіндегі оқытушылар (тәрбиешілер) құрамы мен оқушылардың (балалардың) әрекеттері» тақырыбында сейсможаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай туындаған жағдайда оқушылардың, педагогтердің және қызметкерлердің қауіпсіз әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, эвакуация тәртібі практикалық түрде көрсетілді.
Жаттығу барысында мектеп ұжымы мен оқушылар белгіленген бағыт бойынша ғимараттан қауіпсіз жерге уақытылы эвакуацияланып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі шапшаң әрекет етуге үйретеді.