Салт-дәстүр – ұлттың асыл қазынасы 🇰🇿✨ » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Салт-дәстүр – ұлттың асыл қазынасы 🇰🇿✨
18
наурыз
2026

Салт-дәстүр – ұлттың асыл қазынасы 🇰🇿✨

Наурызнама онкүндігінің жоспарына сай «Ұлттық киім» күні аясында 8 және 10 сынып оқушыларының қатысуымен ерекше тағылымы мол, ұлттық рухқа бай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Оқушылар қазақ халқының бай мұрасын дәріптеп, ұлттық киімдердің әсемдігін паш етті. Сонымен қатар, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді сахналық көрініс арқылы көрсетіп, оның мәні мен маңызын тереңінен жеткізе білді. Әрбір көрініс көрерменге ой салып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырды.

Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, Наурыз мерекесінің шынайы атмосферасын сезіндірді. Ұлттық нақыштағы безендірулер мен киімдер мерекенің сәнін келтіріп, ерекше әсер сыйлады 🌸

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойына елжандылық пен ұлттық сана қалыптастырып, ата дәстүрімізді ұмытпай, оны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады 💫
​https://www.instagram.com/reel/DWB7uZBjMm6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив