14
наурыз
2026
🌷 Көрісу күні – ізгілік пен сыйластық мерекесі
«Наурызнама – 2026» онкүндік жоспары аясында ұлттық дәстүрге толы ерекше таң атты. Таңертеңнен бастап 1-сынып оқушыларын мектебіміздің «Әжелер мектебі» ақ жаулықты әжелері жылы жүзбен қарсы алып, балаларды Көрісу күнімен құттықтады.
Көрісу күні – адамдар бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілек айтатын, татулық пен бірлікті дәріптейтін ерекше күн. Әжелеріміз бүлдіршіндерге ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлер туралы тағылымды әңгімелер айтып, ақ баталарын берді.
👵 Ақ жаулықты әжелердің мейірімі мен ақ тілегі балалардың жүрегіне жылулық сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды.
✨ Іс-шараның мақсаты:
• Ұлттық дәстүріміз – Көрісу күнінің маңызын түсіндіру;
• Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу;
• Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.
Балдырғандар бір-бірімен көрісіп, шаттыққа толы көңіл күймен мерекені қарсы алды. Ұлттық дәстүріміз ұлықталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! 🤍
https://www.instagram.com/p/DV21Y45DFRn/?hl=ru