21
мамыр
2026
Бүгін мектебімізде жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне арналған сейсмикалық оқу-жаттығу өтті
Бүгін мектебімізде жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне арналған сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – оқушылар мен мұғалімдерді төтенше жағдайда дұрыс әрі жылдам әрекет етуге үйрету. Дабыл белгісі берілген кезде біз сабыр сақтап, нұсқаулық бойынша орындады. Алдымен партаның астына тығылып, басымызды қолмен қорғадық. Терезеден, шкафтардан және ауыр заттардан алыс тұрдық. Лифтіні пайдалануға болмайтыны ескертілді. Бұл оқу-жаттығу төтенше жағдайда қорықпай, дұрыс шешім қабылдаудың маңызын түсіндірді. Осындай дайындық жұмыстары адам өмірін сақтауға көмектеседі және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.
https://www.instagram.com/reel/DYmnvasKe5G/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DYmnvasKe5G/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==