✨ “Бір жылдық еңбек - жарқын болашаққа қадам” » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✨ “Бір жылдық еңбек - жарқын болашаққа қадам”
25
мамыр
2026

✨ “Бір жылдық еңбек - жарқын болашаққа қадам”

Оқу жылының аяқталуына орай мектебіміздің 1-10 сыныптарында «Білімім – Отаныма» атты республикалық біріңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық бере отырып, Адами капитал, білім, ғылым және инновацияны дамыту халықтық Конституцияда айқындалған басты стратегиялық бағыттар ретінде дәріптелді.

✨Мақсаты: Өскелең ұрпақты патриотизм, бірлік пен татулық, жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу, сонымен қатар Халықтық Конституцияның маңыздылығын насихаттау, заңмен тәртіпті нығайту.

Құрметті оқушылар!
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Осы оқу жылында білім алып, талмай еңбек етіп, талай жетістікке жеттіңіздер. Енді алдарыңызда көңілді де қызықты жаз мезгілі тұр.Жазғы демалысты пайдалы әрі қызықты өткізіңіздер! Денсаулықтарыңызды нығайтып, таза ауада серуендеп, спортпен айналысыңыздар. Кітап оқып, жаңа дүниелер үйреніп, ата-аналарыңызға көмектесуді де ұмытпаңыздар. Демалыс кез
інде қауіпсіздік ережелерін сақтап, уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар. Әр күніңіз қуанышқа, көтеріңкі көңіл күйге толы болсын! Күзде жаңа күшпен, жақсы көңіл күймен мектепке аман-есен оралуларыңызға тілектеспіз!Жазғы демалыстарыңыз жарқын әрі есте қаларлық болсын!
https://www.instagram.com/p/DYwXT-7Djbj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив