📚 “Жауапты, адал және ниеті таза адам - Қазақстанның болашағы” » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 “Жауапты, адал және ниеті таза адам - Қазақстанның болашағы”
13
ақпан
2026

📚 “Жауапты, адал және ниеті таза адам - Қазақстанның болашағы”

Нарративтің мәні:
Жауапкершілік, адалдық және ниеттің тазалығы адамның күнделікті іс әрекеті арқылы қалыптасады. Әрбір адам өз еңбегі мен міндетіне адал қарап, алған жауапкершілігін орындап, өзгелерді және олардың еңбегінің нәтижесін құрметтеп, өз әрекетінің салдарын түсінген жағдайда қоғам тұрақты әрі әділетті болады.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының кешенді жоспарына сай “Тоғыз айға 9 шара” тұжырымдамасының ақпан айы - “Оқуға құштар мектеп” шарасын қолдау мақсатында мектебімізде “14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні” қарсаңында жылжымалы көрме ұйымдастырып, ата-аналар қауымының қодауымен кітапхана қоры балалар жазушыларының туындылары мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай кітаптармен толықты.

🔹Акцияның басты мақсаты: білім мен руханиятты тарату, кітап оқу дәстүрін жаңғырту және оқушылар бойында игі құндылықтарды қалыптастыру.

Акция барысында ата-аналар демеушілігімен кітапхана қорына 71 кітап, ұстаздар атынан 15 кітап сыйланды.

“Толық адам” ілімі негізінде ата-аналар институтын қалыптастыру” облыстық жобаларын іске асыру мақсатында “10 кітап - бір мақсат” жобасын қолдап Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана директоры М.Қ. мырза мектебімізге 38 кітап сыйға тартты.

Бұл кітаптар - жас ұрпақтың рухани дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне қосылған зор үлес. Ата-аналар қауымына өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру жолындағы қолдауларыңыз бен демеушіліктеріңіз үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
 https://www.instagram.com/reel/DUsu3Z4jDU_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив