🏆 “Бүгінгі жеңіс — ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы” » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 🏆 “Бүгінгі жеңіс — ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы”
04
ақпан
2026

🏆 “Бүгінгі жеңіс — ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы”

Жас жеңімпаздарды құттықтауға арналған лездеме өтті. Іс-шара барысында оқушылардың жетістіктері атап өтіліп, үздіктерге құрмет көрсетілді.

🔸Лездеменің мақсаты:
Жеңімпаздарды құттықтау, олардың жетістіктерін насихаттау, оқушылардың білімге, өнерге және спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақты жаңа жеңістерге жігерлендіру.

Өнер, спорт және шығармашылық бағытта өткен түрлі деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің табандылықтарыңыз, еңбексүйгіштіктеріңіз бен білімге, өнерге және спортқа деген құштарлықтарыңыз – біз үшін зор мақтаныш. Әрбір жетістік – тынымсыз еңбектің, жігер мен талаптың жемісі.

Жас жеткіншектерімізге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз! Ұстаздар мен ата-аналарға қолдау мен сенімдері үшін алғыс білдіреміз.

 ​https://www.instagram.com/reel/DUVWcB3DAiU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив