Бастауыш сынып мұғалімі Серікқалиева А.Е. кәсіби қызметіне талдау (2025–2026 оқу жылы, І жартыжылдық) » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып мұғалімі Серікқалиева А.Е. кәсіби қызметіне талдау (2025–2026 оқу жылы, І жартыжылдық)
14
қаңтар
2026

Бастауыш сынып мұғалімі Серікқалиева А.Е. кәсіби қызметіне талдау (2025–2026 оқу жылы, І жартыжылдық)

2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жас маман, бастауыш сынып пәні мұғалімі Серікқалиева А.Е. өзінің кәсіби қызметіне талдау жасады.
Сабақ барысында білім алушылардың оқу-танымдық қабілеттерін дамыту мен білім сапасын арттыру мақсатында тиімді педагогикалық әдістер кешені қолданылды. Атап айтқанда, оқытуда оқушы белсенділігін арттыратын топтық және жұптық жұмыстар, диалогке негізделген тапсырмалар, ойын элементтері, критериалды бағалау жүйесі және заманауи цифрлық білім беру платформалары кеңінен пайдаланылды. Аталған тәсілдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу үдерісіне белсенді қатысуына оң әсерін тигізді.

Жас маманға кәсіби бағыт-бағдар беріп, әдістемелік қолдау көрсеткен тәлімгері — Туленова Ж.Д. Тәлімгердің тәжірибелік көмегі мен кәсіби кеңестері педагогтің алғашқы еңбек жолында сенімді жұмыс жасауына, педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына және кәсіби дамуына айтарлықтай ықпал етті.

https://www.instagram.com/p/DTf9pbfCgED/?hl=ru
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив