14
қаңтар
2026
Жас маманның кәсіби дамуы: Нурсеитов М.Н. қызметіне талдау
Сабақ барысында білім алушылардың дене дайындығын арттыру, салауатты өмір салтына баулу және қозғалыс белсенділігін дамыту мақсатында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Атап айтқанда, сабақ құрылымында жалпы дамыту жаттығулары, спорттық және қозғалмалы ойындар, эстафеталық жарыстар, топтық және жұптық жұмыс түрлері, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылған практикалық тапсырмалар кеңінен пайдаланылды.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында ойын технологиялары, деңгейлік тапсырмалар, ынталандырушы әдістер және критериалды бағалау жүйесі қолданылды. Бұл тәсілдер оқушылардың физикалық қабілеттерінің дамуына, тәртіпті сақтауына және сабаққа белсенді қатысуына оң ықпал етті.
Жас маманға кәсіби бағыт-бағдар беріп, әдістемелік қолдау көрсеткен тәлімгері —
Демесинов М.Т.
Тәлімгердің тәжірибелік көмегі мен кәсіби кеңестері жас мұғалімнің сабақ жоспарлау, оқу үдерісін ұйымдастыру және оқушылармен тиімді жұмыс жүргізу дағдыларының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Бұл қолдау педагогтің кәсіби сенімділігін арттырып, әрі қарай дамуына мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DTf8gwGiu96/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==