19
наурыз
2026
Шаңырақ күніне орай 8А сынып оқушылары 50 жыл отасқан Кәдірбек ата мен Нұрғайша апаның шаңырағына барып, Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.
Кездесу барысында оқушылар үлкендердің өмірлік тәжірибесінен тәлім алып, тәрбиелік мәні зор әңгімелер тыңдады. Нұрғайша апа өз қолымен жасаған әсем кестелерін көрсетіп, қыз балаларға қолөнердің қыр-сырын таныстырды. Ал Кәдірбек ата ұл балаларға қамшының түрлерін көрсетіп, оның мән-маңызы мен қолданылуы туралы айтып берді.
Бұл кездесу — оқушылар үшін үлкен тәрбие мектебі болды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу — осындай тағылымды сәттер арқылы қалыптасады.
Осындай өнегелі отбасылар көбейе берсін, әр шаңырақта береке мен бірлік орнасын! 🌿

https://www.instagram.com/reel/DWDInyTCigI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==