17
наурыз
2026
Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын ерекше мереке.
Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын ерекше мереке. Осыған орай 8 «Ә» сынып оқушылары тұтас бір дәуірдің куәсі, даналықтың тірі шежіресі, 10 баланы тәрбиелеп өсірген, ғасыр жасаған Нуркенова Ү. әжемізбен және Нуркенов Б. ата мен Нуркенова Ғ. әжеміздің отбасымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында қазыналы қарияларымыз жастарға ұлттық дәстүр мен отбасы бірлігін нығайтуда тәрбиелі, тағылымды әңгімелер айтты. Әсіресе, үлкенді құрметтеу, ата-ананы қадірлеу, ағайынның бірлігін сақтау сияқты ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды. Отбасының кіші келіні Қ. Мырзабекқызы қазақтың ұллтық тағамын дайындап, дәмін ұсынды. Мұндай кездесулер жас буынның бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, ұлттық тәрбие беруде маңызы өте зор.
https://www.instagram.com/p/DV_DB9ODK1C/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DV_DB9ODK1C/?hl=ru