⭐️ «Ұйымшыл команда - келешек мектеп» » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қаңтар
2026

⭐️ «Ұйымшыл команда - келешек мектеп»

27 қаңтар күні №52 мектеп базасында «Өрлеу» БАҰО мамандарының ұйымдастыруымен мектеп ұжымына арналған «Біртұтас команда — жайлы мектеп» атты практикалық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты — топтық жұмыстың тиімді дағдыларын дамыту, топта ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ұжымдық рухты тәрбиелеу, педагогтар арасындағы өзара сенімді нығайту, коммуникацияны жақсарту және ортақ мақсатқа жұмыла білетін мықты команда қалыптастыру. Өйткені, «Келешек мектебі» жобасының негізі тек заманауи ғимарат қана емес, сонымен қатар ішкі берекесі мен бірлігі жарасқан ұстаздар қауымы.

Тренинг барысында командалық жұмыстың тиімді әдістері талқыланды, күрделі жағдайларда шешім қабылдау дағдылары пысықталды, ұжымдық рухты көтеретін психологиялық жаттығулар жүргізілді. «Өрлеу» БАҰО тренерлері Камзина А.Н. және Кусайын Д.Б. өткізген 8 сағаттық тренинг соңында ұстаздар жаңа идеялармен қанаттанып, бір-біріне деген қолдаудың маңыздылығын сезінді. “Өрлеу” БАҰО ШҚО бойынша КДИ филиалының Абай облысы өкілдігінің басшысы Наркен Советканович Буркенов арнайы келіп, қатысушы мұғалімдерге ұжыммен тікелей диалог орнатты. Өз сөзінде басшы «Келешек мектебі» ұлттық жобасын іске асырудағы мұғалімдердің рөлі мен ұжымдық бірліктің маңыздылығына тоқталып, заманауи білім беру кеңістігіндегі жаңашыл көзқарастармен бөлісті.
Біртұтас команда болу — сапалы білім мен саналы тәрбиенің кепілі! «Өрлеу» БАҰО мамандарына кәсіби шеберліктері мен пайдалы кеңестері үшін алғыс білдіреміз! ​https://www.instagram.com/reel/DUDpkavDKOG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив