Бүгін №52 жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарына арналған “Бір толқында: ұжымдағы сенім мен сыйластық” тақырыбында тренинг өтті. » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бүгін №52 жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарына арналған “Бір толқында: ұжымдағы сенім мен сыйластық” тақырыбында тренинг өтті.
17
наурыз
2026

Бүгін №52 жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарына арналған “Бір толқында: ұжымдағы сенім мен сыйластық” тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг мақсаты: педагогтардың кәсіби мәдениетін көтеру, ұжымдағы өзара сыйластық пен сенім ахуалын нығайту және мұғалімдердің этикалық нормаларды сақтау жауапкершілігін арттыру.
Директордың оқу-әдістемелік істері бойынша орынбасары Р.М.Аққожина ұжымдағы корпоративтік рухты ояту, “біз бір командамыз” деген түсінік қалыптастыру мақсатында түрлі топтық жаттығулар беріп, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға тартты.
Қатысушылар белсенділік танытып, тренинг соңында “№52 мектеп педагогтарының кәсіби әдеп кодексі: 10 алтын ережені” құрастырып шықты. Қатысушылар үнемі ізденіс үстінде болу, заманауи технологиялар мен жаңа әдістерді, платформаларды меңгеру, педагогикалық имидж мен мәдениетті сақтау туралы ой толғанып, кері байланыс берді.
 ​https://www.instagram.com/reel/DU3PCb0jC1T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив