2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жас маман, математика пәні мұғалімі Төлегенова Б.С. өзінің кәсіби қызметіне талдау жасады. » «№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысының білім басқармасының
Семей білім бөлімінің
«№52 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-50-72
Оқу бөлімі:
+7(7222) 35-52-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жас маман, математика пәні мұғалімі Төлегенова Б.С. өзінің кәсіби қызметіне талдау жасады.
15
қаңтар
2026

2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жас маман, математика пәні мұғалімі Төлегенова Б.С. өзінің кәсіби қызметіне талдау жасады.

Сабақ барысында білім алушылардың оқу-танымдық қабілеттерін дамыту мен білім сапасын арттыру мақсатында тиімді педагогикалық әдістер кешені қолданылды. Атап айтқанда, оқыту үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған топтық және жұптық жұмыстар, диалогке негізделген тапсырмалар, ойын элементтері, деңгейлік тапсырмалар, критериалды бағалау жүйесі және заманауи цифрлық білім беру платформалары жүйелі түрде қолданылды. Аталған тәсілдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу үдерісіне белсенді қатысуына оң ықпал етті.

Жас маманға кәсіби бағыт-бағдар беріп, әдістемелік қолдау көрсеткен тәлімгері — Секенова Гүлзира Елеухановна. Тәлімгер тарапынан көрсетілген тәжірибелік көмек, әдістемелік нұсқаулар мен кәсіби кеңестер жас педагогтің сабақ үдерісін тиімді ұйымдастыруына, заманауи оқыту әдістерін меңгеруіне, педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына және кәсіби тұрғыда дамуына елеулі әсер етті
​https://www.instagram.com/p/DTiHMu4jIpA/?hl=ru​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив