20
наурыз
2026
🎶 «Күй күмбірі» – ұлттық рух жаңғырығы
🎶 «Күй күмбірі» – ұлттық рух жаңғырығы
🎯 Мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, патриоттық сезімін арттыру және қазақтың күй өнерін насихаттау.
Біздің мектеп Наурыз мерекесіне орай «Күй күмбірі» республикалық акциясына қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар бір мезетте домбырамен күй орындап, ұлттық өнерімізді дәріптеді. Күй күмбірі мектеп қабырғасында ерекше атмосфера қалыптастырып, әрбір қатысушыға рухани әсер сыйлады.
Шара аясында «Тепеңкөк», Н.Тілендиевтің «Әлқисса», О.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Д.Шығайұлының «Көрұғлы», Байжігіттің «Кексерке» және басқа да күйлер орындалды.
Бұл бастама жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DWGEx_0DEZn/?hl=ru